Тоқаев министрлерді неге ауыстырып жатыр?

Ақордада соңғы уақытта ауыс-түйіс көбейіп кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар көмекшілері мен министрлерді қызметінен босатты. Мұндай өзгерістердің себебін Ақорда түсіндірді.
Президенттің баспасөз хатшысы бұл өзгерістерді әдеттегі кадрлық ротация екенін айтады.
«Кейінгі кадрлық өзгерістерге байланысты БАҚ өкілдерінен көптеген сауал келіп жатыр. Ең алдымен, мына мәселені баса айту керек, бұл – әдеттегі кадрлық ротация. Негізгі мақсат – мемлекеттік жүйедегі ең маңызды бағыттардың тиімділігін күшейту», – деп түсіндіреді Желдібай.
Халықты Сыртқы істер министрінің қызметінен кеткені таңқалдарды. Ақорда президенттің ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыру мақсатында Мұрат Нұртілеудің лауазымын өзгерткенін хабарлайды.
«Бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді. Президенттің көмекшісі ретінде ол халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерімен, сондай-ақ әлемдік ірі компаниялардың жетекшілерімен байланысты дамытады», – делінген Ақорда түсіндірмесінде.
Ал Жаслан Мәдиевтің премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалуы Жолдауда айтылған Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі мақсатты іске асырумен байланысты екені түсіндірілген. Президент министрге бұл бағытта бірқатар тапсырмалар берген.
Сонымен бірге Тоқаев қоғамдағы белсенді қызметін және білім беру саласындағы мол тәжірибесін ескере келе, премьер-министр Олжас Бектеновтің келісімі бойынша Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованы Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдаған.
Айта кетейік, бүгін 29 қыркүйек күні Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қызметінен кеткен болатын.