Поль Погба мен 47 спортшы УЕФА-дан Израильді жарыстардан шеттетуге шақырды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

Поль Погба, Хаким Зиеш және Зак Челли «Спортшылар бейбітшілік үшін» деген ұран көтерді / фото: KursivMedia мұрағаты
Поль Погба, Хаким Зиеш және Зак Челли «Спортшылар бейбітшілік үшін» деген ұран көтерді / фото: KursivMedia мұрағаты

«Монако» ойыншысы Поль Погба және бірнеше спортшы Газа секторындағы жағдайды айыптау үшін бірігіп, мәлімдеме жасады.  

Le Figaro ақпаратына қарағанда, олар Израильді еуропалық жарыстардан шығарып тастауды талап етіп отыр.

«Спортшылар бейбітшілік үшін»

Поль Погба («Монако» ФК), марокколық Хаким Зиеш және британиялық боксшы Зак Челли сынды спортшылар «Спортшылар бейбітшілік үшін» деген ұран көтерді. «Газа секторындағы геноцидті» айыптайтын мәлімдемеге қол қойды.

Барлығы қырық сегіз спортшы «спорт әділеттілік, адалдық және адамгершілік қағидаттарын қорғауы тиіс» екенін айтты. Олар УЕФА ұйымдастыратын жарыстардан Израиль командаларын шеттетуге шақырды. Бұл бастаманы мұсылман спортшыларын қорғаумен айналысатын британдық Nujum Sports ұйымы үйлестірген.

«Бұл саясат немесе бір жақты ұстаным емес»

Сондай-ақ олар былтыр тамызда қайтыс болған «палестиндік Пеле» атанған Сүлейман әл-Обейдті еске алды.

 «Бұл саясат немесе біреудің жағын ұстану емес, әділеттілік, адамгершілік және спорт білдіреді деп саналатын құндылықтар туралы. Біз мемлекеттердің заңсыз әрі адамгершілікке қайшы әрекеттерін спорт арқылы ақтауына жол бере алмаймыз», – деген мәлімдемеге қол қоюшылар.

Олар сонымен қатар Испания премьер-министрі Педро Санчестің Израильдің халықаралық платформаларды имиджін жақсарту үшін пайдаланбауы керек деген ұстанымын қолдайтынын білдірді.

Times дерегінше, қазіргі таңда Израильді еурокубоктардан шеттету мүмкіндігі қарастырылып жатыр. УЕФА атқарушы комитетінің көпшілігі бұл шараны қолдайтыны айтылуда. Шешім алдағы аптада жариялануы мүмкін.

Айта кететін жайт, Израиль АҚШ-тың арқасында УЕФА дан шығарылмайтын болды.

Сондай-ақ оқыңыз