
Қарақат Әбілдина FlyArystan мен Қызылорда әуежайының қызметіне көңілі толмайтынын жеткізді. Ол Астанада өнер көрсете алмай қалған.
Оның айтуынша, FlyArystan ұшақтары ұдайы кешігіп ұшатын болса, Қызылорда әуежайының CIP залдары нашар қызмет көрсетеді.
«Иә, FlyArystan! Сағат алтыда ұшуы керек болған ұшағымыз әдеттегідей кешеуілдеді. CIP залда ешкім жоқ. Таңқалдыратын нәрсе, адамдар кезек күтпесі үшін ақысын төлеп, Қызылорданың ақылы залы – CIP зал қызметіне жүгінеді. Бірақ онда қара судың өзін тегін бермейді», – деп шағымданды Қарақат Әбілдина.
«Парасат» орденінің иегерінің айтуынша, басқа қалаларда ахуал басқаша. CIP залда, әсіресе, кешігу болып жатқанда, сусынын, шайын, тіске басарын ұсынып жатады. Ал Қызылордада ол жағы мүлде қарастырылмаған.
«Соған таң-тамашамын. Осы мәселені жалпы көтеру керек. Әр келген сайын бұл мәселені көтергім келеді. Бірақ, бүгін айтып отырмын. Себебі, әлі де қашан ұшатынымыз белгісіз. Жағдай осындай. Астанада бүгін өнер көрсететін жеріміз бар еді. Ұшақтың ұшпауына байланысты одан да қалып қойып отырмыз. Осындай онша емес жағдай болып тұр, достар!» – деді Қарақат Әбілдина FlyArystan қызметіне көңілі толмайтынын жеткізді.
Мұның алдында жұлдыз Air Astana-дан өтемақы талап еткен болатын.