
Қазақстанда әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына күйзеліс пен қиын жағдайларда көмектесетін Telegram-бот іске қосылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Цифрлық кеңесші тәулік бойы және аноним түрде жұмыс істейді.
«AI-sulu тірі маманның орнын алмастыра алмайды, бірақ ол қиын сәттерде алғашқы көмек көрсетіп, тыңдай отырып, қажетті кеңес пен ресурстарға бағыттай алады», – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың ақпарат бөлімінің бастығы Қасымхан Туитин.
Telegram-бот қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Жаңа қызметті таныстыру барысында деструктивті мінез-құлықтың алдын алу, күйзеліс тұрақтылығын дамыту, психологиялық жұмыстарда IT-құралдарды қолдану және жастармен жұмыс істеудің ерекшеліктері талқыланды. Психотерапия, суицидология және әскери психология саласындағы сарапшылар сөз сөйледі.
Еске салайық Қазақстанда MyArmy.kz атты портал іске қосылды. Енді әскерге бару үшін онлайн өтініш беруге болады.