Lifestyle

Chery Tiggo 8 кроссоверінің жаңа үлгісі таныстырылды

Фото: carnewschina.com

Chery компаниясы Tiggo 8 кроссоверінің жаңартылған нұсқасының алғашқы суреттерін жариялады. Бұл модель келесі буын ретінде таныстырылып отыр. Жаңа модельдің сыртқы келбеті жаңарып, айтарлықтай үлкейген. Ресми таныстырылымы 2025 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.

Фото: carnewschina.com

Жаңа Chery Tiggo 8 үшін алдыңғы бөліктің екі түрлі дизайны әзірленген. Екеуі де қазіргі нұсқамен салыстырғанда өзгеше. Бірінші нұсқада дәстүрлі жарық элементтері қолданылған, жүріс шамдары BMW маркасының оптикасын еске салады. Екінші нұсқада негізгі шамдары бамперге жасырылған, екі қабатты фаралар орнатылған. Сонымен қатар, бұл нұсқалар радиатор торының пішіні мен ішкі құрылымы, бампердің сыртқы пішіні жағынан да ерекшеленеді. Артқы бөлікте енді біртұтас жарық шамы пайда болып, шығатын түтік конфигурациясы өзгертілген.

Жаңа Tiggo 8 моделідің өлшемдері де белгілі болды: оның габариттері 4749×1880×1710 мм, ал дөңгелек базасы — 2825 мм. Осылайша, көлік ұзындығы 27 мм-ге, ал осьтер арасындағы қашықтық бірден 115 мм-ге артты.

Фото: carnewschina.com

Дегенмен Chery компаниясы жаңартылған кроссовер қандай қозғалтқыштармен жабдықталатынын нақтыламады. Болжам бойынша, жетек түріне байланысты көліктің дизайны өзгеруі мүмкін. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Tiggo 8 тек 5 орындық нұсқада сатылады.

Қазір Қытай нарығында базалық Tiggo 8-ден бөлек, 8 Plus, 8L, 8 Pro, 8 Plus CD-M және Tiggo 8 Zhuoyue Edition арнайы нұсқалары ұсынылған.

Осыған дейін Chery компаниясы жаңартылған QQ Ice Cream 205 Sundae Edition электромобилін нарыққа шығарған еді. Бағасы шамамен бұрынғыдай 5 мың долларды (2,6 млн ) ғана құрайды. Ал техникалық мүмкіндіктері айтарлықтай күштірек.