
Астана сотында блогер Аселина Батырдың өкілі 600 мың теңгенің тортына қатысты істі жабық өткізуді сұрады. Кондитер Нұршат Ақбергенова жауапкерден қалған 500 мың теңгені өндіруді сұрап сотқа жүгінген.
Сондай-ақ блогердің өкілі Ғазиза Әмірбекова іске БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсылық білдіріп, өтінішхат жолдады. Әмірбекова блогер Аселина Батырдың күйеуі шетелдік дипломат екеніне сүйеніп отыр.
«Жауапкердің күйеуі басқа елдің, Еуропа одағына мүше елдердің бірінің дипломаты. Батырға қатысты бүкіл әлемдік деңгейде үлкен буллинг болғанын, оның барлығы көрсетілгенін ескере отырып, сондай-ақ талапкер тарап пен оның өкілі үнемі ажиотаж туғызып отырғанын ескере келе, істі жабық түрде, бұқаралық ақпарат құралдарының және бөгде адамдардың қатысуынсыз қарастыру қажет», – деді Әмірбекова.
Айта кетейік, торттың салмағы – 18 келі. Ал блогердің туған күні Астанағы салтанат сарайында қаласында 3 тамызда өткен. Бастапқыда тараптар торттың салмағына қатысты келісімге келмеген.
Бұған дейін кондитер Нұршат Ақбергенованың өкілі блогер Аселина Батырмен қандай жағдайда бітімге келетінін айтты.