Аселина Батыр кондитерге 3,5 млн теңге төлеуі мүмкін

Кондитер Нұршат Ақбергенова блогер Аселина Батырдан моральдық шығын ретінде 3 млн теңге өндіргісі келеді. Бұл туралы Астана қаралып жатқан азаматтық іс барысында айтылды.
Сондай-ақ торттың қалған құны ретінде 500 мың теңге өндіруді сұрап сотқа талап арыз жолдаған.
«Талапкер жауапкерге қойған екінші талабы – жауапкерден ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді тарату арқылы келтірілген моральдық зиян үшін 3 000 000 теңге көлемінде өтемақы өндіруді, сондай-ақ жауапкерді сол мәліметтер жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында ресми теріске шығару жариялауға міндеттеуді сұрайды», – делінген талап арызда.
Айта кетейік, бұған дейін Аселина Батыр кондитер Нұршат Ақбергенованы «алаяқ» деп атаған.
«Нұршат Ақбергенова моральдық азапты бастан кешірді және өз моральдық азапты субъективті түрде 3 000 000 теңгеге бағалады», – деді талап арыз берушінің өкілі Аржан Сәдуақас.
Бұған дейін блогер Аселина Батырдың өкілі 600 мың теңгенің тортына қатысты істі жабық өткізуді сұрады.