Жапаров Қырғызстанда кезектен тыс парламент сайлауы өтетін күнді белгіледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Садыр Жапаров жарлыққа қол қойды/фото: president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жогорку Кенеш депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күнді белгілеу туралы жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, сайлау 2025 жылдың 30 қарашасында өтеді.

Президент орталық сайлау және референдум өткізу комиссиясына кезектен тыс сайлауды ұйымдастыруды және қашықтан дауыс беруді қолдануды тапсырды. Ал Үкімет қажет қаржымен қамтамасыз етуге міндеттелді.

Айта кетейік, 25 қыркүйекте Қырғызстан парламенті – Жоғорку Кенеш таратылды. Заң шығарушы органның VII шақырылымындағы депутаттар осындай шешім қабылдады. 

Сондай-ақ оқыңыз