Google Қазақстанда ресми кеңсесін ашуы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Google Қазақстанда ресми кеңсесін ашуы мүмкін / фото: Reuters

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Google компаниясының Израиль, Түркия, Орталық Азия мен Кавказдағы мемлекеттік саясат мәселелері және мемлекеттік органдармен өзара байланыс бойынша өңірлік директоры Ноа Лоффлермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара байланыстың басым бағыттарын талқылаған. Аида Балаева министрлік адами құндылықтарды насихаттап, халықтың цифрлық және құқықтық сауатын арттыратын, сондай-ақ балалардың онлайн ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға ерекше назар аударатынын атап өткен. Отырыста Google компаниясының Қазақстандағы ресми өкілін бекіту мәселесі де қаралған.

Кездесу барысында контентті модерациялау мәселелері де талқыланып, Аида Балаева қолданыстағы тетіктер аса тиімді емес екенін жеткізгені хабарланды. Осыған байланысты Google командасының Астанаға сапары аясында ҚР МАМ мен оған бағынысты ұйымдар қызметкерлеріне заңсыз контентті жою бойынша воркшоп ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстанда Google компаниясының ресми кеңсесін ашу перспективалары талқыланған. Министрлік компания Қазақстанды экономикасы мен қолайлы инвестициялық ортасы бар, қарқынды дамып келе жатқан өңірлік көшбасшы ел ретінде қарастыратынын атап өткен.

Бұған дейін, Google Қазақстанда мәлімет сақтау платформасын орнататынын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз