Жаңалықтар

АҚШ прокурорлары P.Diddy-ді кемі 11 жылға соттауды сұрады

АҚШ прокурорлары P.Diddy-ді кемі 11 жылға соттауды сұрады
АҚШ прокурорлары P.Diddy-ді кемі 11 жылға соттауды сұрады / фото: Reuters

АҚШ-тың федералдық прокурорлары Нью-Йорк федералды судьясынан P.Diddy лақап атымен танылған америкалық продюсер әрі рэпер Шон Комбсты 11 жарым жылға соттауды сұрады, деп жазды СNN басылымы.

«Оның қылмыстары ауыр. Зорлық-зомбылыққа қатысқан әрі өзгелерді қорқытқан Шон Комбс сияқты айыпталушылар үшін он жылдан астам жаза тағайындау өзін толықтай ақтайды», – делінген прокурорлардың өтінішінде.

Олар кемінде 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Прокурорлар бірнеше айыптаушы жазған хаттарды көрсетіп, онда Комбстың зорлық-зомбылығы олардың өмірін қалай тас-талқан еткені сипатталған.

Үкім жұма күні шығарылатыны хабарланды.

55 жастағы Комбс 2024 жылы қыркүйек айында адам саудасы бойынша айыпталып қамауға алынған. 2025 жылдың 2 шілдесінде Нью-Йорк федералды соты оны жезөкшелікке тарту мақсатында адам тасымалдау бабымен кінәлі деп тапқан. Алайда рекетпен айналысу және бұрынғы сүйіктісі мен тағы бір қызды жыныстық қанау мақсатында күштеп алып кету. баптары бойынша ақталған.

Комбс 2024 жылғы қыркүйекте бұрынғы сүйіктісінің арызы бойынша қамауға алынған. Арызда ол Комбс өзін жылдар бойы физикалық әрі жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратып, басқа ер адамдармен оргияларға қатысуға мәжбүрледі, есірткі мен ақша арқылы бақылауда ұстады деп айыптаған. Көп ұзамай осыған ұқсас айыппен басқа жәбірленушілер шағымданған.