«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы: Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік турист келді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы: Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік турист келді / коллаж: kursiv.media

Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдік дерегінше, Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жеткен.

Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген.

Әкімдік матчтың экономикалық әсері айтарлықтай жоғары болатынын айтады.

Mastercard компаниясының мәліметінше, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді. Бұл қаржыға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қала экономикасына мультипликативті әсер етеді деп күтіледі.

Бұған дейін, «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын қайдан көруге болатыны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз