«Қайрат» «Реал Мадридке» 0:5 есебімен есе жіберді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Kairat, Real
«Қайрат» «Реал Мадридке» 0:5 есебімен есе жіберді

Чемпиондар лигасының 2-турында Испанияның әйгілі «Реал Мадрид» командасымен ойнаған алматылық «Қайрат» өз алаңында қарсыласқа ірі есеппен есе жіберді.

Ойын барысында Мбаппе хет-трик жасаса, Эдуарду Камавинга мен Браим Диас бір-бір гол авторы атанды.

Ойын «Қайраттың» басымдығымен басталып, 10 минуттан кейін қарсыластың иелігі өтті.

Десе де «қайраттықтарда» бірнеше рет гол салу мүмкіндігі болды. Тіпті алғашқы минутта өте қауіпті шабуыл ұйымдастыра алды.

«Қайрат» ірі есеппен ұтылғанына қарамастан, қақпашы Шерхан Қалмырза көптеген қауіпті соққылардың бетін сәтті қайтара білді.

Ой басталарда Қазспорт телеарнасы істемей, сайты жүктемені көтере алмай қалғанын айта кеткен жөн.

Сүйікті командасы жеңілгені қарамастан, жанкүйерлер «Қайратқа» қолдауын аямады. Бұл – «Қайрат» үшін тұңғыш чемпиоандар лигасы. Ал испандық команда аталған біріншілікті 15 мәрте ұтқан.

Бірінші турда алматылықтар сырт алаңда Португалияның «Спортинг» клубына қарсы ойнап, 1:4 есебімен жеңіліп қалған.

УЕФА Чемпиондар лигасының медиа-менеджері Никколо Торри Рокканың пікірінше, Алматының Орталық стадионының ойынды ұйымдастыру деңгейі таңғаларлықтай болған.

Сондай-ақ оқыңыз