«Қайрат-Реал» матчынан тікелей трансляция

Алматының орталық стадионында чемпиондар лигасының топтың кезеңі аясында алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матч басталды. KursivMedia аталған ойыннан мәтіндік транляция жүргізеді.
Қос команданың жаттықтырушылары алаңға төмендегідей ойыншыларды шығарған:
«Қайрат» құрамы
82. Қалмырза
20. Тапалов, 14. Мартынович, 80. Сорокин, 3. Мата
24. Мрынский, 4. Қасаболат, 15. Арад, 55. Громыко
7. Жоржиньо, 9. Сәтпаев
Қосалқы құрам: 31. Реимов, 98. Алдашев, 5. Кургин, 25. Широбоков, 6. Садыбеков, 17. Байбек, 33. Станоев, 10. Зария, 26. Эдмилсон, 99. Рикардиньо
«Реал» құрамы
1. Куртуа
17. Асенсио, 24. Хейсен, 4. Алаба, 20. Фран Гарсия
7. Винисиус, 14. Чуамени, 19. Себальос, 30. Мастантуоно
10. Мбаппе, 15. Гюлер,
Қосалқы құрам: 13. Лунин, 29. Наварро, 35. Хименес, 5. Беллингем, 6. Камавинга, 8. Вальверде, 9. Эндрик, 11. Родриго, 16. Гонсало Гарсия, 18. Каррерас, 21. Диас
1 минут: «Қайрат» допты қосқаннан шабуыл ұйымдастырып, алғашқы соққы жасау арқылы қауіпті сәт тудырып үлгерді.
Ойынның алғашқы 10 минуты артта қалды. «Қайраттың» қысымымен басталған матч «Реалдың» басымдығына өтіп жатыр. Корольдік клуб алаңға бой үйретіп үлгергенге ұқсайды.
13 минут. «Реал» алғашқы қауіпті шабуылын жасады. Қалмырзамен бетпе-бет шыққан Винисиустың асырған добы қақпадан қиыс кетті.
20 минутта Қалмырза Мбаппенің аса қауіпті соққысын қайтарды.
22 минутта Сорокин қақпашыға сәтсіз пас беріп, «Реал» ойыншысы допқа ұмтылған Қалмырзаның қолына шалынып, пенальти белгіленді.
24 минутта Мбаппе пенальтиден гол соғып, есеп ашты.
28 минут. «Қайрат» қарымта шабуылдардың бірінде қауіпті сәт тудырды. Алаң сыртынан жасаған Громыконың соққысы қарсылас қорғаушыларының бірінің аяғынан қайтты.
36 минутта Громыкода тағы бір мүмкіндік болды. Алайда до қақпадан әлдеқайда биік кетті.
Ойын допқа иелік ету бойынша да, шабуыл саны жөнінен де «Реалдың» басымдығымен өтіп жатыр.
40 минутта «Реал» ойыншысы Винисиус алаң сыртынан қауіпті соққы жасап, Қалмырза орнынан табылды.
43 минутта Мбаппенің кезекті қауіпті соққысы қақпадан қиыс кетті.
1-тайм аяқталды, есеп 0:1 «Реалдың пайдасына.
Екінші тайм басталды.
51 минутта Мбаппе гол салып, есепті еселеді.
57 минутта «Реал» қауіпті шабуыл ұйымдастырып, қақпашымен бірге-бір шыққан Мбаппе бұл жолы мүлт кетті.
59 минутта «Қайрат» қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, шабуылдың нүктесін қоя алмады.
61 минутта «Қайрат» ойыншысы Громыко қарсылас қақпасына соққы жасап, доп қақпашының қолынан табылды.
66 минутта Гомыканы шалғаны үшін «Реалдың» қақпасына пенальти белгіленді.
68 минутта төреші бейнежазбаны қарап, пенальтиді алып тастады.
74 минут Мбаппе хет-трик жасады. Есеп 0:3.
82 минут есеп 0:4. Алаңға қосалқы құрамнан қосылған Эдуарду Камавинга көзге түсті.
Ойынның негізгі уақыты аяқталды. Төреші қосымша 3 минут қосты.
Реал 5 голын салды.
Ойын аяқталды. Есеп 0:5.