Қазақстанға Мажар президенті келеді
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1-3 қазан күндері Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқыламақ.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады деп жоспарланған.
Бұған дейін Астанаға Италия президенті келіп, мемлекет басшылар кездесу барысында мәдени-гуманитарлық, экономикалық ықпалдастық мәселелеріне көңіл бөлген.