
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойыны қарсаңында Алматыдағы пәтер жалдау бағасы біршама. krisha.kz сайтының дерегіне сәйкес, Орталық стадион маңында бір апта бұрын тәулігіне 20-30 мың теңге сұрап тұрған кейбір пәтер иелері бағаны көтеріп жіберген. Ал кейбірі бағаны өзгеріссіз ұстап отыр.
Мәселен, «Мечта на Минина» тұрғын үш кешенінің 11-қабатында орналасқан 1 бөлмелі пәтердің иесі матч күні 100 мың теңгеге өткізбек. Пәтерге темекі шекпейтін екі адам орналаса алады.
«30 қыркүйекте өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы кезіндегі баға. Алматыдағы орталық стадионға панорама терезелері бар пәтерден тамашалауға мүмкіндік», – деп жазылған сипаттамасында.

Дәл осы тұрғын үй кешеніндегі 3 бөлмелі пәтерді 30-40 мың теңгеге жалдауға болады. Олардың сипаттамасында пәтерге бар жағдай жасалғаны жазылған. 1-2 бөлмелі пәтерлерді 15-20 мың теңгеге жалға алуға болады.
Орталық стадионға қарма-қарсы орналасқан үйдегі 4 бөлмелі пәтерді тәулігіне 80 мың теңгеге жалға алуға болады. 220 шаршы метрді құрайтын пәтерге 12 адам орналаса алады.