
30 қыркүйек күні халықаралық футбол матчы – «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесу кезінде қаладағы бірқатар көшеге уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлайды.
Қай көшелер жабылады?
16:00-ден бастап мына бағыттарда:
- Абай даңғылы
- Байтұрсынов көшесі
- Қаныш Сәтбаев көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады.
Бұл шектеулер Орталық стадион аумағына жақын жерлерде болады.
Полицияның ескертуі
Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Департамент қала тұрғындары мен қонақтарына қозғалыс картасымен алдын ала танысып, өз бағыттарын өзгертуге кеңес береді.
«Бұл шаралар уақытша сипатта және тек қана қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Азаматтардың түсіністікпен қарағанына алғыс айтамыз», – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын сағат 21:45 те басталады.