Қайрат Нұртастың Теміртауда өткен концертінде оқыс оқиға болды

Жарияланды 30 Қыркүйек 2025 08:30

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Қайрат Нұртастың Теміртауда өткен концертінде тәртіп бұзған адамды ұлттық ұлан сарбаздары сахнадан әрең түсірді / фото: Instagram
Қайрат Нұртастың Теміртауда өткен концертінде тәртіп бұзған адамды ұлттық ұлан сарбаздары сахнадан әрең түсірді / фото: Instagram

Қайрат Нұртастың Теміртауда өткен концертінде оқыс оқиға болды. Әнші ән салып жатқан кезде, көрермендердің бірі сахнаға шығып кетті.

Орта жастағы бір адам биік сахнаға өрмелеп шығып, аяқ-қолын ербеңдетіп билей жөнелген.

Бишінің ақыл-есінде кінәрат бар ма, мас па, жоқ әлде, Қайрат Нұртастың әндері ерекше көңіл-күйге бөледі ме, ол жағы белгісіз.

Концерт кезінде еліріп биліп жатқан адамды қауіпсіздікті қадағалаушы Ұлттық ұланның екі сарбазы әупірімдеп әрең сахнадан түсірді.

Бұл оқиғаның әр ракурстан түсірілген бірнеше бейнежазбасын Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жариялады.

«Теміртаудағы концерт қызық болған сияқты», – деп ол жазба қалдырған.

Қайрат Нұртас қазір Қарағанды өңірінде концерт қойып жатыр. Қарағандылықтар оның өнеріне дән риза екенін айтып, ризашылық білдіруде.

«Қанша концертіне бардым. Қайрат ылғи жанды дауыста орындайды», «От болды! Шыға алмай қалдық. Рекордтық халықты Қайрат қана жинай алады! Концерттің басынан соңына дейін қосылып тұрдық!!!», «Сондай қарапайым. Қайрат өнерің өрге жүзсін!», – деп жазып жатыр оқырмандары.

Мұның алдында Жұлдыз Әбдікәрімова сәбиін неге Рәбия Сұлтан деп атағанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз