Тоқаев пен Трамптың бірге түскен суреті жарияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев пен Трамптың бірге түскен фото суреті іс-сапардан кейін жарияланып отыр / фото: Telegram
Тоқаев пен Трамптың бірге түскен суреті іссапардан кейін жарияланып отыр / фото: Telegram

Тоқаев пен Трамптың бірге түскен суреті жарияланды. Сурет Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Жолдыбайдың парақшасына шықты.

Мұның алдында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа іссапармен барған еді. Алайда ол кезде «Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеспеді» деген қауесет сөз тараған болатын.

Президенттің баспасөз хатшысы әрі көмекшісі Руслан Жолдыбай фотоны бұл әңгімені терістеу үшін жариялағаны аңғарылады.

Ол сапарында БАҚ-тар Тоқаевтың Зеленскиймен кездесуіне көбірек назар аударған еді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі де Қазақстанның көшбасшысымен кездескенін растаған еді. 23 қыркүйекте Truth Social әлеуметтік желісінде осы келіссөз туралы пікір білдірген-ді.

Трамп Қазақстанның АҚШ-та жасалған локомотивтер мен теміржол жабдықтарын сатып алатынын, мәміле құны 4 млрд доллар болатынын айтқан. Мұны «тарихтағы ең ірі келісім» деп атап, Тоқаевты құттықтаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз