Жаңалықтар

Алматыда Lexus пен Toyota соқтығысып, 8 адам қайтыс болды

Жол апатынан 8 адам қайтыс болды / Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 8 адам қайтыс болды. Тағы екі адам зардап шекті деп хабарлайды облыстық полиция департаментінен.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «Лексус» автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота» минивэнімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді», – деді ведомство өкілі.

Жол-көлік оқиғасы Алматы–Бішкек автожолының 107-шақырымында болған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін өңірде оқушылар мінген автобус пен жеңіл автокөлік апатқа ұшырап, екі адам қайтыс болды.