
Ақтау-Жаңаөзен трассасында автоцистерна аударылып, көлікке тиелген мұнай өнімі жерге төгілді. Бұл туралы облыстық экология департаментінен хабарлайды.
Төтенше жағдай 29 қыркүйекте трассаның 23 шақырымында болған. Оқиға орнына Маңғыстау облысы экология департаментінің мамандары барды. Олар топырақтан сынама алып, ластану көлемі мен қоршаған ортаға тигізген зиянды анықтамақ.
Департаментте атап өткендей, қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.
Бұған дейін Қостанай облысында жүк көлігі жанармай бекетіне соқтығысқанын жазған едік. Оқиға Тобыл кентіндегі «Мұнай Өнімдері» желісіне тиесілі жанармай бекетінде болған, зардап шеккендер жоқ.