Жаңалықтар

Қазақстан қарасора өсірудің ережесі бекітілді

Қарасора өсіру ережесі бекітілді / Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қарасораны өнеркәсіп мақсатында өсірудің жаңа талаптары бекітілген қаулы жарияланды. Жаңа құжат мақсаты – қарасораны тек өнеркәсіптік, шаруашылық мақсатта қолдануын қамтамасыз етіп, заңсыз пайдалануына жол бермеу.

Қаулыға сәйкес, тек рұқсат берілген қарасора түрлерін өсіруге болады. Және ол үшін міндетті түрде лицензия алу керек.

Қарасораны егетін аумақ елдімекеннен, автомобиль жолдарынан және басқа да егістік алқабынан екі шақырым жерде орналасуы қажет. Учаске толық периметрі бойынша торлы немесе тікенек сыммен қоршалуы тиіс. Тәулік бойы күзетпен қамтамасыз етіледі, ал кіру мен шығу бір ғана қақпа арқылы ұйымдастырылады.

Тұқымның сапасына да ерекше назар аударылған. Пайдаланбас бұрын оны зерттеп, дәннің құрамындағы тетрагидроканнабинол (ТГК) нормадан асып кетпегені расталуы тиіс. Егер қарасораны өсіру кезінде ТГК деңгейі жоғарылап кетпесе, міндетті түрде жойылады.

Бұл құжат арқылы мемлекет қарасораны мата, қағаз, құрылыс материалдарының өндірісі үшін пайдалануды реттемек. Екінші жағынан психобелсенді заттардың заңсыз айналымын тоқтату және қауіпсіздік мәселесін қатаң бақылауға алады.

Қазақстанда қарасора өсіруге шетелдіктер де қызығушылық танытып отыр. Осыған дейін инвестициялар комитеті елде қытайлық компанияның қарасора өңдейтінін хабарлаған еді.