Енді үш банктің клиенті бір QR арқылы төлем жасай алады

Жарияланды 30 Қыркүйек 2025 14:55

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: shutterstock

Ұлттық банк банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосқанын хабарлайды. Бұл Қазақстандағы үш банктің клиенттері бір QR-мен төлем жасай алады дегенді білдіреді.

Жаңа қызметті «Банк ЦентрКредит», «Home Credit Bank» және «Freedom Bank» клиенттері пайдалана алады.

Операция жасау үшін сатып алушы клиент банктің мобильді қосымшасына кіріп, сатушының (сервиске қатысушы банктердің бірінде қызмет көрсетілетін) терминалында QR-кодты сканерлеп, төлемді растауы қажет.

«Банкаралық QR-төлемдерді іске қосу банктер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттырады, ыңғайлы етеді және тұтынушы үшін төлем қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтеді», – деп атап өтеді Ұлттық банктен.

Басқа банктер «ішкі процестерін бейімдеген кейін» осы қызметті қоса алады деп атап өтеді реттеуші.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов елдегі банктердің барлығы  жалпыұлттық QR төлем жүйесіне қосылу керек деген. Бірақ топ-менеджерлердің бәрі бұл ұсынысты қолдай қоймаған.

Сондай-ақ оқыңыз