Жаңалықтар

Алтын қымбаттап, тағы бір тарихи межені бағындырды

Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Алтын бағасы тағы көтеріліп, бұрын болмаған көрсеткішке жетті. Құнды металл бағасы алғаш рет 3,8 мың долларды бағындырды. Бұл туралы Kursiv.Media хабарлайды.

Қазір алтынның бір унциясы шамамен 3 864 доллардан саудаланып жатыр. Ол айналдырған екі аптаның ішінде 200 долларға қымбаттады.

Bloomberg мәліметінше, алтын құнының құбылуына АҚШ үкіметінің жұмысын тоқтату қаупі әсер етті. Президент Дональд Трамп пен Конгресс жетекшілері қаржыландыру мәселесі бойынша ортақ шешімге келе алмады. Оның үстіне 29 қыркүйек күні Newmont Corp. және Barrick Mining Corp. компанияларының басшылығы ауысатыны мәлім болды. Екеуі де құнды металл өндірумен айналысады.

2025 жылы алтын бағасы 45%-ға қымбаттап, қайта-қайта тарихи рекорд орнатты. Баға үш тоқсан бойы қатарынан көтеріліп келеді. Goldman Sachs Group Inc. пен Deutsche Bank AG құнды металл қымбаттай береді деп болжайды.