
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Робокэш.кз» микроқаржы ұйымының қызметін екі айға тоқтатты. Бұл ұйым zaimer.kz онлайн несие беру роботын пайдаланады. Бұл туралы Kursiv.Media агенттік мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
«Робокэш.кз» уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамаған. Енді ол екі ай бойы шағын несие беру туралы жаңа шарттар жасай алмайды. Бұған қоса, оған осы уақыт аралығында қолданыстағы шарттардың мерзімін ұзартуға, өзгертуге тыйым салынады.
Дегенмен лицензиясы тоқтаған ұйым бұрын жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындауы керек. Бірақ бұл мекеме клиенттерін жауапкершіліктен босатпайды.
Қазақстандағы микроқаржы ұйымдары жарты жылда 49,5 млрд теңге таза пайда тапты.
Микроқаржы ұйымының клиенттеріне көмектесетін омбудсманға қалай жүгінуге болатынын білгіңіз келсе, Kursiv.Media мақаласын оқыңыз.