Қаржы пирамидасына алданған 200 шақты адам 230 млн теңгесінен айырылды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматыда айына 150% пайда түсіреміз деп уәде берген қаржы пирамидасы әшкереленді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

«Boxy Wealth» деп аталған заңсыз жобаға 180-нен астам азамат алданған. Ұйымдастырушылар салымшыларға тәулігіне 5–10% табыс береміз деп сендірген. Бұл көрсеткіш айына 150%-дан асады, ал жылдық табыстылығы 1800%-дан жоғары болған.

Сонымен қатар жаңа адамдарды тартып келгендерге 10% сыйақы ұсынылған.

Азаматтардан жиналған ақша дропперлердің банк карталары арқылы қабылданып, кейін криптоәмиян шоттарға аударылған. Нәтижесінде 180 адамға 230 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбаған.

Бұған дейін криптовалютадан пайда уәде еткен қаржы пирамидасына қарсы іс қозғалғаны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз