
Қарағандыдағы полицияның тірек пункттерінің бірінен әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы облыс полициясы хабарлады.
Бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр.
Ал оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді.
«Аталған жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды», – делінген ақпаратта.
Барлық іс-әрекет мұқият зерттеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады, дейді полиция. Соған байланысты азаматтарды шындыққа жанаспайтын ақпарат таратудан аулақ болуға шақырды.