Кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов Шерхан Қалмырзаға көлік сыйлады (видео)

Жарияланды 1 Қазан 2025 19:28

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

Шеф-редактор a.tolendi@kursiv.media
Кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов Шерхан Қалмырзаға көлік сыйлады / Фото: Скриншот Инстаграм Ұлықбек Шәріпов

Shoqansuits компаниясының директор Ұлықбек Шәріпов «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға автокөлік сыйлады. Кәсіпкер өзінің Инстаграм парақшасында видео жариялады.

«Біздің компаниямыздан саған кішігірім сыйлық. Сен жарадың. Бізге тамаша эмоция сыйладың. Бастысы тоқтама. Ел сенімен бірге», – деді Шәріпов.

Қақпашыға сыйлық беремін деп шақырған кәсіпкер оған Exeed көлігінің кілтін табыстады. Қалмырза эмоциясын жасыра алмай, кәсіпкерге алғыс айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Шерхан Қалмырзаға испандық «Реал Мадрид» клубының капитаны Тибо Куртуаның сәттілік тілегенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз