Жаңалықтар

АЭС құрылысына қажет қызмет пен өнімнің 30%-ын отандық компаниялар ұсынбақ

Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Атом электор стациясының құрылысына қажет тауар мен қызметтің 30%-ын отандық компаниялар ұсынады. Осы мақсатта Атом энегиясы жөніндегі агенттік жанынан арнайы департамент құрылған. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

«Ол Үкімет, «Атамекен» палатасымен білесіп арнайы ұлттық жоспар құрмақ. Бұл құжатта атом станциясын қажет қызмет түсін қандай қазақстандық өндіріс ұсына алатыны, қандай өндіріс орнын ашуға болатыны сараланады. Отандық қызмет ұсынушылардың реестрі жасалып, олар атом саласының талаптарына қаншалықты сай келетіні тексеріледі», – деді агенттік төрағасы.

Сәтқалиевтің айтуынша, Қазақстанның бұл бағытта тәжірибесі бар. Қашаған кен орынын игеру барысында отандық өнім үлесін 30%-ға жеткізу мақсатында бірқатар өндіріс орны ашылған.

Бұған дейін Сәтқалиев Каспий теңізінің жағалауына да атом энергетикасы нысандары салынуы мүмкін екенін мәлімдеген.