Жаңалықтар

Қазақстан қор биржасының таза табысы 2 млрд теңгеге қысқарды

Фото: shutterstock, бильд-редектор Ахтам Зиперов

Қазақстан қор биржасы 2025 жылдың алғашқы алты айында 6,2 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл өткен жылғы осы кезеңде 8,3 млрд теңгемен салыстырғанда 25%-ға аз. Бұл туралы қор биржасының қаржы есебінде көрсетілген.

Қор биржасының активі өскен. 2024 жылдың алты айымен салыстырғанда 3,1 трлн теңгеден 5 трлн теңгеге жеткен.

Міндеттемесі де 3 трлн теңгеден 5 трлн теңгеге дейін өскен. Жеке капиталы 54 млрд теңгені құрайды.

Қазақстан қор биржасы 1993 жылы құрылған. Қордың 46,9% акциясы Ұлттық банкке тиесілі. Қалған акциялары 113 жеке акционердің иелігінде.