Қазақстандағы екінші АЭС те Алматы облысында салынбақ

Алматы облысының Жамбыл ауданында екінші АЭС салу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Бірінші АЭС Алматы облысының Үлкен ауылы маңында салынатыны белгілі. Мемлекеттік комиссия екінші станцияға арналған ықтимал алаңды да Алматы облысының Жамбыл ауданынан таңдаған. Осылайша, екі нысан да елдің оңтүстігінде орналасатын болады.
Сәтқалиевтің айтуынша, екі станцияны бір аймақта орналастыру Қазақстанның энергожүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол Қазақстанның АЭС салу бойынша халықаралық серіктестермен келіссөз жүргізуді жалғастырып жатқанын атап өтті.
Екінші АЭС-ті қандай компания салатыны әзірге белгісіз. Бұған дейін айтылғандай қытайдың CNNC корпорациясына қатысты түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Дегенмен ұсынылған шарттарды ескере отырып, бұл компания Қазақстан үшін басым серіктестердің бірі ретінде қарастырылып отыр.
Парламент мәжілісінде Алмасадам Сәтқалиев «ТМД елдері арасында радиоактивті материалдарды шекарадан тасымалдау туралы келісімді ратификациялау» заң жобасын таныстырған.