Жаңалықтар

Ұлттық банк төртінші тоқсанда 1,4 трлн теңгеге тең шетел валютасын сатпақ

Ұлттық банк теңгені қолдау үшін валюталық интервенция жүргізуді бастады
Ұлттық банк теңгені қолдау үшін валюталық интервенция жүргізуді бастады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың қыркүйегінде Ұлттық Банк «айналым» тетігі аясында, яғни отандық өндірушілерден алтын сатып алуға жауап ретінде валюта сату арқылы экономикадан 290 млрд теңгені алып тастады. Алдағы тоқсанда осы тәсілмен 1,4 трлн теңгені айналымнан шығармақ.

Реттеуші атап өткендей, әлемдік нарықта алтын бағасының өсуі теңге эмиссиясын арттырды. Сондықтан алынған өтімділік көлемі осы үрдістен кейін қалып отыр.

Осыған байланысты төртінші тоқсанда Ұлттық Банк қосымша 1,4 трлн теңгеге баламалы сома көлемінде шетел валютасын сатуды жоспарлап отыр. Бұл ай сайын орта есеппен 466,7 млрд теңгеге тең, яғни тамыз-қыркүйек айларындағы көрсеткіштен 60,9%-ға артық.

Қазір әлемдік нарықта алтын бағасы рекорд орнатып унциясы 3800 доллардан асты.

Қыркүйек қорытындысында теңге бағамы 1,9%-ға әлсіреп, бір доллар үшін 549,07 теңге деңгейінде бекіді.

Ұлттық қор қаражаты есебінен қыркүйек айында 500 млн АҚШ доллары сатылды. Бұл қаражат республикалық бюджетке трансферттер бөлуге және «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысына бағытталды.

Үкімет болжамына сәйкес, қазан айында бұл көлем 600–700 млн долларға дейін жетеді,

Квазимемлекеттік сектор ұйымдары міндетті түрде сатылатын валюта түсімдері аясында шамамен 378 млн долларды нарыққа шығарды. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, портфелінің шамамен 40%-ы валюталық активтерден тұратынына қарамастан, қыркүйекте де, қазанда да доллар сатып алуды жоспарлап отырған жоқ.

Ұлттық Банк қыркүйек айында интервенция жүргізбеген. Реттеуші нарықтық бейтараптық қағидатын сақтай отырып, валютаны тұрақты әрі біркелкі сатуды жалғастыруда.