
1 қазанда Алматы мен Астанада күні бойы жаңбыр жауып, соның әсерінен кептелістің көрсеткіші 9 балдан жоғары болып тұр.
2Gis ақпаратына сүйенсек, Алматыдағы кептеліс деңгейі 10 балл, Астанадағы деңгейі 9 балл.

Алматыда негізінен Медеу, Бостандық және Әуезов аудандарында өршіп тұр. Алатау, Түркісіб және Наурызбай батыр аудандарының кейбір көшелері мен даңғылдарында да кептеліс деңгейі жоғары.

Ал Астанадағы кептеліс негізінен Есіл ауданында өршіп тұр. Байқоңыр және Нұра аудандарының кейбір көшелерінде де кептеліс деңгейі жоғары.
Айта кетейік, осыған дейін елдің көп бөлігінде ауа райы күрт құбылып, қар аралас жаңбыр жауатынын хабарлаған едік.