Жаңалықтар

Алматыда жылуды қашан қосады

Отопление. фото: unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
Алматыда жылуды қашан қосады / фото: unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматыда жылыту маусымы уақытынан бұрын басталуы мүмкін. 1 қазанда ауа райы күрт құбылғаннан кейін қала тұрғындары жылу берілуі керек екендігін жаппай желіде жазып бастаған.

Қаланың Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының хабарлауынша, маусымды ерте бастау үшін бір ғана талап бар. Даладағы температура +8°С немесе одан төмен болып сақталса, бес тәулік ішінде жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданады.

Алайда тұрғын үйлерге жылу бірден берілмейді. Бастапқыда балабақшалар, мектептер, емдеу мекемелері, кәсіптік мектептер және медициналық-әлеуметтік ұйымдарға жылу беріледі.

Екінші кезекте тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақ үйлерге, үшінші кезекте әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрларға жылу беріледі. Өзге обьектілерде төртінші кезекте жылу қосылады.

Айта кетейік, осыған дейін 2-4 қазан аралығында елдің көп бөлігінде ауа райы құбылып, қар аралас жаңбыр жауатынын хабарлаған едік.