Димаш еуропалық Lovie Awards сыйлығына ұсынылды

Жарияланды 1 Қазан 2025 21:53

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

Шеф-редактор a.tolendi@kursiv.media
Димаш Кудайберген
Димаш еуропалық Lovie Awards сыйлығына ұсынылды / Фото: Vladimir Tretyakov / Shutterstock

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген, әлемдік опера аңыздары Пласидо Доминго, Хосе Каррерас және виолончелист Хаузермен бірге түскен бейнежазба беделді еуропалық Lovie Awards сыйлығының финалына шықты.

Димаштың ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, «музыкалық бейне» номинациясында Virtuosos Talent Show мерейтойлық байқауындағы Димаш өнер көрсеткен My Way нөмірі ұсынылған.

Lovie Awards Webby Awards-тың еуропалық баламасы және цифрлық өнер мен интернеттегі ең үздік жобаларға арналған сыйлық. Биыл ұйымдастырушылар 35 елден 1200-ге жуық өтінім қабылдаған.

Жеңімпазды көрермендер анықтайды. Дауыс беру 16 қазанға дейін ашық. Бір адам күніне бір рет дауыс жобаның ресми сайтына кіріп, дауыс бере алады.

Сондай-ақ оқыңыз