
Қыркүйекте Қазақстандағы инфляция қарағанда 12,9%-ға дейін жеделді. Елімізде негізінен ет, май, алкогольсіз сусындар бағасы күрт өскен. Инфляция деңгейі бойынша Қарағанды, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстары көш бастап тұр. Бұл туралы Kursiv.Media Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Ет 19,1%–ға, май 19,5%–ға, жемістер мен көкөністер 12,6%–ға, алкогольсіз сусындар 14,4%-ға қымбаттады. Азық-түлік емес тауарлардың ішінде бағаның ең жоғары өсімі: бензин – 12%, аяқ киім – 11,7% және киім-кешек – 10,3%. Қызметтердің ішінде ең қымбаттағаны: суық су – 84,3%, су бұру – 36,4%, газ – 27,7%, орталық жылыту – 19,2%.
Инфляция көрсеткіші 12,9%-дан жоғары, өңірлер бойынша: Қарағанды-14,9%, Ұлытау – 14,4%, Солтүстік Қазақстан – 13,6% Батыс Қазақстан – 13,5%, Ақтөбе – 13,5%, Атырау – 13,4% және Ақмола – 13,4% облыстарында байқалады. Сондай-ақ, инфляция Алматыда орташа деңгейден жоғары – 13,2%, Астанада – 13,4% және Шымкентте – 13,3%.
Ақылы қызметтердің бағасы бір жылда 15,3%–ға (тамызда – 15,3%), азық-түлік тауарлары бағасы 12,7%–ға (тамызда – 11,7%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 10,8%-ға (тамызда – 9,7%) өсті.
Бағаның жылдық өсу деңгейіне азық-түлік пен алкогольсіз сусындар (5 пайыздық тармаққа), тұрғын үй қызметтері (1,9 пайыздық тармаққа), Денсаулық сақтау (1,5 пайыздық тармаққа) үлкен үлес қосты.