Нұрәли Әлиев әкесі Рахат Әлиевтің Қазақстан футболына қосқан үлесін еске салды

Жарияланды 1 Қазан 2025 22:51

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

Шеф-редактор a.tolendi@kursiv.media
Нұрәли Әлиев әкесі Рахат Әлиевтің Қазақстан футболына қосқан үлесін еске салды / Фото: Скриншот Нұрәли Әлиевтің Инстаграм парақшасы

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиев әкесі Рахат Әлиевтің Қазақстан футболына қосқан үлесін еске салды.

Нұрәли Әлиевтің жазуынша, әкесі Рахат Әлиев Қазақстан Футбол федерациясының басшысы болып тұрған кезде Қазақстан Азия конфедерациясынан шығып, ресми түрде УЕФА мүшесі болған.

«Соңғы күндері, жатқан жері жайлы болсын, әкем Рахат Әлиевке қатысты көптеген жылы сөздер естідім. Және кездейсоқ емес. Ол Қазақстан футбол федерациясын басқарған кезде, яғни 2002 жылғы 25 сәуірінде еліміз Азия конфедерациясынан шығып, UEFA-ға ресми түрде кірді. Стокгольмдегі Мишель Платинимен келіссөздер және оның 2005 жылы Алматыға алғашқы келуі есімде», – деп жазды Әлиев.

Бұған қоса, Нұрәли Әлиев өзінің «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынын Орталық стадионда көргенін айта кетті.

«Кеше мен Чемпиондар Лигасының матчын орталық стадионда көрдім. Біздің алматылық «Қайрат» UEFA-ның ең атақты клубы мадридтік «Реалға» қарсы ойнады. Мұның бәрі Алматыда! Сол кезде мен бұл шешімнің қаншалықты стратегиялық екенін сезіндім. Бірнеше жылдан кейін ол өз жемісін береді», – деп жазды ол.

Бұған қоса, ол бойын мақтаныш сезімін кернегенін айтып, барлық алматылықтарды, бүкіл Қазақстанды және «Қайрат» футбол клубын осы тарихи сәтпен құттықтады.

Айта кетейік, осыған дейін «Қайраттың» 30 қыркүйекте болған ойынына Нұрәли Әлиевтің келгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз