
Испандық «Реал Мадрид» футбол клубының Алматы қаласы жайлы видеосы 20 миллионнан астам қаралым жинап, 100 мыңнан астам пікір жазылған. Видео клубтың ресми парақшасында жариялаған.
Видеода Алматыдағы «Көк Төбе» мұнарасынан қалаға бағытталған әдемі көрініс, Панфиловшылар саябағы мен Вознесенск соборы және бірнеше ескерткіш көрсетілген. Домбыра ұстаған әнші азамат Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін шырқаған.
«Әлемдік спорт жанкүйерлері үшін футболшылар ғана емес, еліміздің оңтүстік астанасы Алматы да басты назарға ілікті. Себебі роликтен кейін қаладағы тарихи әрі туристік орындарды көргісі келген оқырмандардың саны артқан», – дейді Алматы қаласының әкімдігінің өкілдері.
Айта кетейік, 30 қыркүйек болған ойында испандық клуб «Қайратты» 5:0 есебімен жеңді.