
2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Toyota әлі күнге дейін әлемдегі ең жиі сатылатын автокөлік болып тұр. Жапондық автоөндіруші әлемдік нарықтағы көшбасшылықты 10 жылдан бері сақтап келеді. Focus2move басылымы 159 елдегі сату деректері негізінде жаңа тізімді ұсынды.
Toyota сатылымының өсуі 3,2% құрады. Компанияның әлемдік автокөлік нарығындағы сату үлесі 10,8%-ға жетті. Екінші орында әлемдік нарықтағы үлесі 5,6% және сатылымы 1,3%-ға артқан Volkswagen неміс концерні тұр. 4,3%-бен үшінші орынға америкалық автоөндіруші Форд жайғасқан. Алайда америкалық алыптың сатылымы 4,6%-ға төмендеген.

Америкалықтардың ізімен оңтүстік кореялық алып Hyundai келеді. Компания 2024 жылмен салыстырғанда 1%-ға көп көлік сатты. Бұл рейтингте бір позицияға көтерілуге және әлемдік сатылымдардың 4,3%-ын алуға мүмкіндік берді.
Тағы бір жапондық алып Honda бір саты төмендеп, сатылымы 6%-ға түсіп, әлемдік нарықтағы үлесі 4%-ды құрады.
Рейтингтің бесінші орнында қытайлық BYD ашып, сатылымның 5,4% өсуін көрсетіп, корейлік KIA-ны артта қалдырды. Оңтүстік кореялық марка өз көліктерін 5,2% көбірек сатса, рейтингте мүлдем түсіп кеткен жапондық Nissan сатылымы 4,3%-ға төмендеді. Chevrolet-тің сатылымы 0,7%-ға төмендеп, тоғызыншы орынға жайғасқан.

Оныншы орынды ерекше атап өту керек. Себебі қытайлық Geely тарихта болмаған 75,1% сату қарқынымен 19-орыннан 10-орынға бір-ақ секірді.