
Арьятара Шакья есімді бүлдіршін бұрынғы Кумаридің орнына сайланып, енді бірнеше жыл бойы ғибадатханада өмір сүреді.
СNN ақпаратына қарағанда, бұл дәстүр бойынша қыз бала жыныстық жетілуге жеткен кезде қарапайым адам саналып, орнын босатады.
Кумари тек 2-4 жас аралығындағы Шакья әулетінің қыздары арасынан таңдалады. Олардың терісі, шашы, көзі, тісі мінсіз болуы шарт әрі қараңғылықтан қорықпауы тиіс. Қыз әрқашан қызыл киім киіп, маңдайына «үшінші көз» белгісі салынады.
Жаңа «құдайды» Дашайн мерекесінің сегізінші күні Катманду көшелерімен алып өтіп, храмға кіргізді. Мыңдаған адам оған гүл мен ақша ұсынып, аяғына маңдайын тигізіп құрмет көрсетті. Ал бейсенбіде ол ел президентін де, қарапайым халықты да алғаш рет бата беріп қабылдайды.
«Кеше ол жай ғана қызым еді, бүгін – құдай», – деді әкесі Ананта Шакья.
Оның айтуынша, әйелі жүкті кезінде түсінде қызын құдай ретінде көрген.
Бұрынғы Кумари Тришна Шакья қазір 11 жаста. Ол бұл мәртебені 2017 жылдан бері атқарып келген. Кумари атағы отбасына қоғамда үлкен бедел әкеледі.
Сондай-ақ, Таиландта бір жынысты некеге тұруға ресми түрде рұқсат берілді.