Жаңалықтар

Тарифтің көтерілуіне АЭС-тің қатысы жоқ – Энергетика министрі

Қазан айынан бастап электр қуатының тарифтері өседі / Фото: ҰЭМ
Қазан айынан бастап электр қуатының тарифтері өседі / Фото: ҰЭМ

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев электр қуатының тарифінің көтерілуіне АЭС құрылысының қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Сәтқалиев бұл мәселені құзырлы органдар қадағалайтынын алға тартып отыр.

Мәжіліс дәлізінде Алмасадам Сәтқалиевке: «Алматы қаласы мен Алматы облысында қазан айынан бастап электр қуатының тарифтері өсетіні мәлім. Үлкен ауылы үшін бөлек тариф бөлінген. Бұл АЭС салумен байланысты ма», – деген сауал қойылды.

Агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мұны үзілді-кесілді жоққа шығарды.

«Мұның АЭС салуға ешқандай қатысы жоқ. Тиісті алгоритм, тиісті тұтынушылар тобы бар. Энергетика министрлігіндегі бұл есептерді құзыры шеңберінде бәсекелестікті қорғау агенттігі тексереді», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сонымен қатар, еліміздегі екінші АЭС құрылысы да Алматы облысында салынғалы отыр.