Жұлдыз Әбдікәрімова декреттік демалысы бітіп, жұмысқа қайта оралмақ

Жарияланды 1 Қазан 2025 09:22

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Жұлдыз Әбдікәрімова жақында сәбиін қырқынан шығарған еді / фото: Instagram
Жұлдыз Әбдікәрімова жақында сәбиін қырқынан шығарған еді / фото: Instagram

Жұлдыз Әбдікәрімова декреттік демалысы аяқталып, жұмысына қайта оралатынын айтты. Ол жақында сәбиін қырқынан шығарған еді.

Актриса жүктілік басталған сәттен бастап барынша көзден тасаланғанын, жұмысты жинап қойғанын айтты. Бар назары тек қана өз күйіне ауғанын қалаған.

«Шүкір, Алланың қалауымен бәрі де ретімен, сәтімен, өзім жоспарлағандай өтті. Енді екеуміз де қырқымыздан шығып, буынымыз қатып, бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп отырмыз. Мен Рабия Сұлтанға қыдыруға, ол маған жұмысқа оралуыма рұқсат бердік. Демек, ресми жұмысқа кірістім деп айта аламын», – деп Жұлдыз Әбдікәрімова жаңалығымен бөлісті.

Сонымен қатар, сәби өмірге келерде бұған өзге балаларының қалай қабылдағанын да жасырмай айтып берді.   

«Иә, жүктіліктің басында бұл қалай болады екен деп абдырағанымыз рас. Әсіресе балалар түрлі эмоциямен қабылдаған еді. Жылады, күлді, ашуланды, көздері бақырайып үнсіз тұрды», – деді актриса.

Жұлдыз Әбдікәрімова мұның алдында шақалағына неге Рәбия Сұлтан деп есім бергенін түсіндірген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз