
2-4 қазан күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын болады. «Қазгидромет» ел аумағында жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін деп хабарлайды .
- Алдағы екі күнде батыс өңірлерде түнде ауа температурасы +2…+13 градусқа дейін жоғарылап, күндіз +20…+25 градусқа дейін жетеді. Солтүстік-батыста түнде -1…-9 градус, күндіз +10…+23 градус болады.
- Солтүстікте түнде -7…+3 градус аралығында, күндіз +3…+13 градус шамасында сақталады. Орталықта түнде -8…+2 градусқа дейін суытып, күндіз +5…+18 градусқа дейін жылынады.
- Оңтүстік аймақтарда түнде ауа температурасы +2…+10 градусқа дейін көтеріліп, күндіз +15…+25 градусқа жетеді.
Бірақ қазанның онынан кейін жағдай өзгеруі мүмкін. Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының келуімен температура айтарлықтай көтеріледі.
Айта кетейік, биыл қыстың келуі де ерте болды. Қыркүйектің соңында-ақ Алматы тауларына, Қостанайға қар түсті.