Жаңалықтар

Ауа райы: бірнеше өңірде үсік жүріп, қар аралас жаңбыр жауады

ауа райы
Фото: shutterstock

1 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірде ауа температурасы -6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Қолайсыз ауа райына орай ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» мәліметінше, 1 қазанда түнде Қарағанды облысында ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді.

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы болады. Ал облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік түседі.

Жамбыл облысында жауын-шашын болады. Таулы аудандарда жаңбырдың соңы қарға ұласады. Күндіз 5-10, облыстың таулы аудандарында 2 градусқа дейін төмедейді.

Алматы облысында жауын-шашын болады. Өңірдің оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласады. Күндіз ауа температурасы 5-10, облыстың таулы аудандарында 1  градусқа дейін төмедейді. Үсік түседі.

Жетісу облысында да жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Күндіз ауа температурасы 6-11, облыстың таулы аудандарында 1 градусқа дейін күрт төмедейді.

Түркістан облысында 12-17 жылы. Облыстың таулы аудандарында ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

01 қазанда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының  батысында, солтүстігінде, орталығында тұман торлайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда жауын-шашын болып, қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр қарға ұласады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

01 қазанда Атырау облысының солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстанның солтүстігі мен шығысында 3 градус үсік болады.

Ақмола облысының батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

01 қазанда Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.