Илон Маск Марста тұрғысы келеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Илон Маск / фото: shutterstock
Илон Маск / фото: shutterstock

Әлемнің ең бай адамы Марста тұрғысы келеді. Илон Маск өзіне тиесілі X әлеуметтік желісінде осылай деп жазды.

«Қазір менде Американың ғана паспорты бар. Мен осында тұрып, осында дүниеден өтемін. Немесе Марста (Американың бір бөлігінде)», – деп мәлімдеді миллиардер.

Қызыл ғаламшарға ұшып бару – Масктің басты армандарының бірі. Сол үшін ол ғарыш саласын игеруге қыруар ақша салып, алысқа ұшатын ғарыш кемелерін жасап, сынақтан өткізіп жүр.

Осының алдында Маск Starship ғарыш кемесі Марсқа 2026 жылдың аяғында ұшады деп хабарлаған. Миллиардердің айтуынша, оның бортында адам тәріздес Optimus роботы болады. Егер сынақ сәтті өтсе, онда ғарышкерлер Қызыл ғаламшарға 2029-2031 жылдары ұшуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз