Қазақстанда өндіріс қарқыны төрт ай бойы қысқарды

Freedom Holding Corp. Қазақстандағы өңдеу салаларының қыркүйектегі PMI көрсеткіші бойынша шолуын жариялады. Онда өндіріс қарқыны қатарынан төрт ай бойы қысқарғаны айтылған.
Компания мәліметінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанының аяғында өнеркәсіптегі іскерлік белсенділік одан сайын нашарлады. Саладағы жағдайдың төмендеуіне негізінен өндірістің айтарлықтай қысқаруы әсер етті. Оны 2023 жылғы желтоқсандағы нашар көрсеткішпен салыстыруға болады.
Тапсырыс ұлғайғанына қарастан, компаниялар сұранысты өтеу үшін дайын өнім қорын пайдалануға мәжбүр.
Manufacturing PMI (Сатып алу менеджерлерінің индексі) қыркүйекте 49,2 мәнінде тіркелді (тамызда – 47,9). Алайда ол әлі де 50 шегінен төмен. Бұл іскерлік белсенділіктің төмендегенін, мұндай жағдай төртінші ай қатарынан жалғасып келе жатқанын көрсетеді.
Қыркүйекте жұмыспен қамту мен сатып алудағы белсенділік те төмендеді. Өз еркімен жұмыстан кету салдарынан кадр саны төртінші ай қатарынан қысқарды. Сатып алып, қор жинау да азайды.
«Қыркүйек айында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде аралас динамика байқалды. Жаңа тапсырыстардың өсуі қайта басталғанымен, өнім шығару қарқыны одан тезірек төмендеді», – дейді Freedom Finance Global PLC Қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімов.
Іскерлік белсенділік индексі (PMI) республикадағы 250-ге жуық өндіруші компания мәліметі негізінде дайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын Kursiv.Media тамыз айында да экономикадағы іскерлік белсенділік баяулағанын жазған.