Мектептерге салық салынса, оқу ақысы да қымбаттайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
2026 жылдан бастап білім ақысы шамамен 20%-ға қымбаттауы мүмкін / фото: shutterstock
2026 жылдан бастап білім ақысы шамамен 20%-ға қымбаттауы мүмкін / фото: shutterstock

Үкіметтің жаңа Салық кодексі аясында салық жеңілдіктерін кімдер алатыны туралы қаулы жобасы Ашық НҚА порталында талқыланып жатыр. Соған байланысты Қазақстандағы жекеменшік мектептер премьер Олжас Бектеновке хат жазып, қосылған құн салығынан босатуды сұрады. Kursiv.Media осы құжатпен танысып шықты.

Мектепке ауыр салық салса, оқу ақысы қымбаттайды

Премьер-министр атына жолданған хатты Жекеменші білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы 27 қыркүйекте жолдаған. Ұйым төрайымы Роза Садықова балабақшаларға ғана емес, жеке мектептер мен колледждерге, жоғары оқу орындарына салық жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік беруді сұрады.

«Жекеменшік ұйымдар ұсынатын білім беру қызметтерінің бәрін, соның ішінде балабақшаларды, жеке мектептерді, колледждер мен жоғары оқу орындарын қосылған құн салығынан босатуды сұраймыз. Бұған қоса, жекеменшік білім беру ұйымдарына, шағын және орта кәсіпке арналған жеңілдігі бар салық тәртібімен жұмыс істеу құқығын бекітуді ұсынамыз», – деп жазылған қауымдастық хатында.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енеді. Құжатқа президент биыл жазда қол қойғанымен, кодекс аясында жеңілдігі бар салық тәртіптеріне қатысты екі қаулыны Үкімет қабылдайды. Құжат жобалары 26 қыркүйекте Ашық НҚА порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 16 қазанда аяқталады.

Қолдануға рұқсат 300-ге жуық қызмет түрінің арасында мектепке дейінгі білім беру мекемелері бар, яғни балабақшалар ҚҚС төлемейді. Мектептер осы тізімнен түсіп қалды. Енді олар да 16% көлемінде қосылған құн салығын төлеуге мәжбүр болады.

Үкімет қаулысының жобасында арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған бірқатар қызмет түрлері:

85200Бастауыш білім беру (1-ші деңгей)
85310Негізгі және жалпы орта білім беру
85321Кәсіптік-техникалық білім беру
85322Орта арнаулы білім беру
85410Орта білімнен кейінгі білім беру
85421Жоғары білім беру
85422Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
85591Кешкі жалпы білім беретін мектептердің қызметі
85592Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру түрлері
85601Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру саласындағы қосалқы қызмет

Қауымдастық білім беру мекемелерін осы тізімнен алып тастап, салық жеңілдігін пайдалануға рұқсат сұрап отыр.

«Оларды қосылған құн салығынан босатқан жағдайда, білім беру қызметтерінің нақты құны түсіп, азаматтардың білім алу мүмкіндігі артады. Оларға салық салса, табысы төмен және орташа отбасылардың сапалы білім алу мүмкіндігі шектеледі. Жеке балабақша, мектеп және колледждердің көбі шағын және орта кәсіпке жатады», – деп жазды қауымдастық.

Үкіметтің салыққа қатысты реформасы жекеменшік білім беру саласына айтарлықтай әсер еткелі отыр. Жеке мектептер былтырдан бері мемлекет тапсырысын орындағаны үшін төленетін ақыны уақытылы ала алмай жүр. Өткен аптада өңірлердегі мектеп өкілдері мамыр айындағы ақшаны төлеуді талап етіп, Астанаға барған.

Арнаулы салық тәртібі туралы

Қазір жеті арнаулы тәртіп бар болса, 2026 жылы солардың үшеуі ғана қалады. Олар төмендегі кестеде көрсетілген:

 СубъектОбъектКіріс бойынша шегіЖалдамалы қызметкер саныМөлшерлемеҚызмет түрлері
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған салық режимі (патент, мобильді қосымша)Жеке тұлғаКірісіАйына 300 АЕК (1,3 млн теңге/ай)Жалдамалы қызметкерсіз4% Тек МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА, МӘМС (ЖТС-сыз)Қолдануға рұқсат қызмет түрлері (Үкімет тізіміне сай)
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміЖеке кәсіпкер, ЖШСКірісіЖылына 600 мың АЕК (2,4 млрд) + Жылдық кіріс 100 млн теңгеден асса, еңбекақы төлеу қоры салық салынатын кірістен алып тасталадыШектеусіз4% B2C (жеке тұлғалармен) және B2B (бизнеспен) Мәслихаттар 50% төмендете, көтере аладыҚолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі (Үкімет дайындайды)
Шаруа қожалықтарына арналған салық режиміШҚСалық жеңілдіктері сақталады, тек жеке табыс салығы салынады. БЖС алып тасталады.Кірістен 0,5% 

Жаңа жылдан бастап салық төлеушілерді не күтіп тұрғанын білгіңіз келсе, Kursiv.Media материалымен танысып шығыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз