
1 қазанға қараған түні Филиппинде қуаты 6,9 балдық жер сілкінісі болды. Жергілікті үкімет табиғат апатынан кем дегенде 22 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Kursiv.Media Reuters мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Қуатты жерасты дүмпуі Филиппиннің орталығындағы Висай аралдарының Себу қаласында тірелді. Жер сілкінісінен электр қуаты үзіліп, үйлер құлады.
Жер сілкінісін тіркеу жөніндегі агенттік қуатты дүмпуден соң магнитудасы 6 балға дейін жететін тағы бірнеше афтершок тіркеді. Цунами қаупі жоқ.
Себу қаласында шамамен 1 млн адам тұрады.
Филиппин аралдары Тынық мұхиты отты сақинасында орналасқан. Сол себепті мұнда жанартаулар атқылап, жер сілкіністері жиі болып тұрады.
2023 жылы жылы Филиппинде қуаты 6,7 балдық жер сілкінісінен сегіз адам қайтыс болған.