Оқу-ағарту министрі Сүлейменованың Мәжілістегі өкілеттігі тоқтады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Жаңа министрдің Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды / Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«ҚР Президентінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституциясының 52-бабына, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-інші тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», – деді Азамат Айманакумов.

Айта кетейік, 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалды.

Сүлейменова бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде заң шығару жұмыстарымен айналысып, жастар саясаты, білім беру мен әлеуметтік мәселелерге қатысты бірқатар ұсынысты алға тартқан.

Сондай-ақ оқыңыз