Микроқаржы ұйымдары мен коллекторлардың қызметін қадағалау артады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда микроқаржы беру мен коллекторлар қызметін бақылау күшеймек.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл салада міндетті өзін-өзі реттеу институтын енгізуді ұсынды.

Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, екі деңгейлі қадағалау жүйесін құру шағын несие берушілер мен коллекторлардың жұмысын тәртіпке келтіріп, тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейтеді.

Қазақстанда 899 микроқаржы ұйымы мен 197 коллекторлық агенттік жұмыс істейді. Олардың жалпы несие портфелі 3,2 трлн теңгеге жетіп, 2021 жылдан бері екі еседен аса өскен. Оның ішінде 1,9 трлн теңге бизнеске берілген микрокредиттер.

Алайда қызмет ауқымы ұлғайған сайын шағымдар да көбейген. 2024 жылдан бері жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 1 175 айыппұл салынып, жалпы көлемі 431 млн теңгеден асты.

Агенттіктің мәліметінше, заң бұзу тек микрокредит беруге ғана емес, ұйымдардың қызметінің өзге бағыттарына да қатысты анықталған.

Осыған байланысты жаңа өзін-өзі реттеу тетігі тәртіпті күшейтіп, нарықтағы сенімділікті арттыруға бағытталмақ.

2025 жылғы наурыздан коллекторлардың заң бұзғаны үшін төлейтін айыппұлы екі есе өскен.

Сондай-ақ оқыңыз