
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 3 қазан, жұма күні ауа райының толық болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, әзірге кейбір облыстарға -3°С дейін аяз күтіледі.
Метеорологтар елдің көп бөлігінде антициклон сілемі ауа-райын жауын-шашынсыз сақтайтынын айтады.
«Тек солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын, елдің шығысында қатты қар күтіледі», – делінген болжамда.
Сонымен қатар, республика бойынша желдің күшеюі, тұман. Шығыста, орталықта көктайғақ күтілуде.
Жамбыл облысының таулы аудандарында, солтүстігінде, Түркістан облысының таулы аудандарында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде 1-3°С аяз күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының орталығында, Атыраудың солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Жамбыл облысының орталығында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ұлытауда төтенше өрт қаупі күтілуде.